419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Канадаға шетелдіктердің кіруіне тыйым 21 қаңтарға дейін ұзартылды

  • 85
Канадаға шетелдіктердің кіруіне тыйым 21 қаңтарға дейін ұзартылды

Канада шетелдіктердің елге кіруіне салынған тыйым мерзімін 21 қаңтарға дейін ұзартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тек бұл шара Канада мен АҚШ арасында ары-бері қатынайтын жүк көлік жүргізушілеріне қатысты емес. Бұл туралы Канаданың Қоғамдық қауіпсіздік және қамтамасыз ету төтенше жағдайларға дайындықты қамтамасыз ету министрі Уильям Блэр мәлімдеді. Бұған дейін енгізілген шектеулер мерзімі 30 қарашада аяқталуы тиіс болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Канадада коронавирусты жұқтырған алғашқы науқас 15 қаңтарда анықталған еді. Содан бері індеттен 12 мың тұрғын қайтыс болып, 370 мыңы ауырды.

Хабар 24 телеарнасы