Көпшілік арасында Уэбстер сөздігі аталып кеткен ағылшын тілінде шығатын американдық Merriam-Webster сөздігі 2020 жылдың басты сөзін атады.
Ол сөз – «pandemic» (пандемия, пандемиялық).
«Кейде бір сөз бүтін бір дәуірге анықтама беруі мүмкін. Ерекше болған бұл жылы да жалғыз сөз бірінші орынғаны шыққаны түсінікті», – деп хабарлайды сөздіктің баспасөз қызметі.
Мамандар бұл сөзді іздеу көрсеткіші 3 ақпанда бірден көбейгенін айтады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда коронавирусқа байланысты пандемия жариялаған болатын.
Ал соңғы мәлімет бойынша, әлемде індетті жұқтырғандар саны 62 млн-нан асқан.
Бұған дейін Оксфорд сөздігі 2020 жылдың басты сөзін таңдай алмағанын хабарлағанбыз.