420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Камбоджада COVID-19-дың алғашқы жағдайлары анықталды

  • 99
  • UPD: 16:31, 30.11.2020
Камбоджада COVID-19-дың алғашқы жағдайлары анықталды

Камбоджада коронавирустық инфекцияның алғашқы 14 жағдайы анықталды.

Бұл туралы елдің премьер-министрі Хун Сен мәлімдеді, деп хабарлады Синьхуа.

Бұл ел аумағында анықталған алғашқы коровирус жағдайлары екендігін атап өтті. Бұған дейін Камбоджада тек өзге елдерден әкелінген коронавирус жағдайлары тіркелген.

«Камбоджа аумағында коронавирус жұқтырған алғашқы жағдайлар елдің астанасы Пномпеньде және солтүстік-батыстағы Сиемреап провинциясында анықталды», - деді ол.

Хун Сен вирусты жұқтырғандармен байланыста болғандардың барлығы үйде немесе карантиндік орталықтарда 14 күндік карантиннен өтуі керек екендігін атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін Самоада коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы тіркелгенін хабарлаған болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы