419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Әлемде коронавирус індеті қайтадан қарқын ала бастады

  • 125
  • UPD: 18:30, 30.11.2020

Италияда короновирус жұқтырғандар саны күрт өсті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы тәулікте қауіпті вирус 20 мыңнан астам адамға жұғып, жалпы көрсеткіш 1,5 миллионнан асып кетті. Бақилық болғандардың қатары 55 мыңға жақындады. Ресейдегі жағдай да күрделі. Бұл елде 26 мыңнан астам азамат инфекцияға шалдыққан. Бұл бір тәулікте тіркелген деректер. Ал жуырда шектеу шараларын біртіндеп ала бастаған Францияда вирус жұқтырған 10 мың адам анықталды. Ел билігі індеттің қарқыны біртіндеп бәсеңдеп келе жатқанын айтады. Солтүстік Кореядағы жағдай мүлдем керісінше. Осыған байланысты ел билігі жаппай зарарсыздандыру жұмыстарын қолға алған. Қазір барлық мекеме мен кеңселерде дезинфекция жүріп жатыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, бұл елде бас-аяғы 6 мыңдай кісіден қауіпті инфекция табылыпты. Оның сегізі шетелдік азамат көрінеді.

Ан Хян Сан, Жеңіл өнеркәсіп министрлігінің өкілі:

- COVID-19 індетіне қарсы зарарсыздандыру жұмыстары белсенді жүргізілуде. Барлық жабдық пен нысандар дезинфекцияланып жатыр. Ауа райы суып бара жатқандықтан, тұрғындарды тексеру ісін күшейттік.

Жалпы соңғы уақытта коронавирус індеті әлемде қайтадан қарқын ала бастады. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген деректен де байқауға болады. Індеттен ең көп зиян шегіп отырған мемлекет – әлі де Америка. Бұл елде дерттің дендегені сонша, осымен 27 күн қатарынан вирус жұқтырудың тәуліктік көрсеткіші 100 мыңнан түспей келеді.

Хабар 24 телеарнасы