420,18 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ғалымдар: Соңғы айларда әлемнің біраз елінде бала туу көрсеткіші төмендеген

  • 123
  • UPD: 23:08, 30.11.2020

Америка ғалымдары соңғы айларда әлемнің біраз елінде бала туу көрсеткіші төмендегенін хабарлады.

Мамандар мұны коронавируспен байланыстырады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мысал ретінде Италияны, АҚШ пен Австралияны келтіреді. Алайда Ресейде, керісінше, мемлекеттік статистика қызметі пандемия кезінде бала туу көрсеткіші артқанын мәлімдеді. Қытайда коронавирус дендемей тұрғанда да көрсеткіш төмен болатын. Тақырыпты тілшіміз тарқатсын.

Диктор:

- Жұлдыз, Қытайда бұл көрсеткіштің төмен болуының себебі неде?

Жұлдыз Атагельдиева, тілші:

- Әнуарбек, мұның бірнеше себебі бар. Мәселен, «Бір отбасы бір бала» заңының да әсері болды. Бұл заңның күші жойылғанына 4 жыл болса да, халық санының айтарлықтай артуы байқалмайды.

***

Италияда былтыр небәрі 420 мың бала дүниеге келген

Италияда бала туу көрсеткіші әуелден төмен. Бұл дамыған елдердің көбіне тән жағдай. Мәселен, былтыр соңғы 150 жылдағы ең төмен межеге жеткен екен. Халық саны 60 миллионнан асатын Аппеннин түбегінде өткен жылы небәрі 420 мың сәби дүниеге келіпті. «Пандемия демографиялық ахуалды одан бетер ушықтырып жіберуі мүмкін», - дейді мамандар. Жергілікті статистика агенттігі «биыл дүниеге келген балалар саны 408 мыңға дейін азаюы мүмкін» деп топшылап отыр. Келесі жылы тіптен 393 мыңға дейін төмендейді деген болжам бар. Мамандар «себебі мынада» дейді.

Италия ұлттық статистика институты:

- Коронавирус демографиялық көрсеткіштерге әсер етпей қоймайды. Өйткені жергілікті тұрғындар алдағы жағдайдың не боларын білмейді. Пандемия кесірінен жұмыссыз қалып, табысынан айырылып қаламыз ба деп қорқады. Италияда бала туу көрсеткіші 2015 жылдан бері көңіл көншітпей келеді. Ұқсас жағдай тек 1917-1918 жылдары байқалған. Оған Бірінші Дүниежүзілік соғыс пен испан тұмауы әсер еткен.

***

АҚШ-тағы демографиялық көрсеткіш нашарлап кетті

Ұқсас жағдай Австралияда дабайқалады. Сарапшылар бала туу көрсеткіштері ел тарихындағы ең төменгі деңгейде екенін айтады. Мамандар «АҚШ-та да биыл күзде демографиялық көрсеткіш нашарлап кетті» дейді. Оның себептерінің бірі коронавирус болуы мүмкін деген болжам бар.

***

Украинада соңғы 30 жылда бала туу көрсеткіші екі есе төмендеген

Украина мемлекеттік статистикасының деректеріне сәйкес, елде соңғы 30 жылда бала туу көрсеткіші екі есеге төмендеген екен. 1990 жылы 657 мыңнан аса сәби дүниеге келсе, былтыр бұл сан 308 мыңға дейін азайған. «Биылғы көрсеткіштер одан да төмен болады» деген болжам бар. Сарапшылардың айтуынша, демографиялық жағдайға ең алдымен экономикалық және әлеуметтік факторлар кесірін тигігізген. Денсаулық сақтау жүйесінің де әсері барын айтады. Мамандар мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылай көмектің қысқарғанын да хабарлады. Мәселен, тұңғыш баланың дүниеге келуіне байланысты отбасына қарастырылған бір реттік төлем мөлшері 2010 жылмен салыстырғанда, екі есе қысқарған екен. 

***

Қытайдағы демографиялық ахуал жылжымайтын мүлікке байланысты 

Демографиялық көрсеткіштер Қытайда да мәз емес. 1949 бен 1976 жылдар аралығында халық саны 540 млн-нан 940 млн-ға дейін өскеннен кейін жергілікті билік бала туу санын шектеген еді. Бұл ретте «Бір отбасы – бір бала» заңы қабылданды. Алайда халық саны азайып қоймай, елде жұмыс істеуге қабілетті адамдардың саны да қысқарды. 2016 жылы бұл заңның күші жойылып, халық екі бала тууға құқылы болды. Дегенмен, көрсеткіш әлі де төмен деңгейде қалды. Жүргізілген сауалнамаға сәйкес, бұл баспана мәселесімен де тығыз байланысты. Қытайда соңғы жылдары жылжымайтын мүліктің бағасы 60%-ке қымбаттады. Мысалы Бейжіңде 3 бөлмелі пәтер шамамен 1 млн ақш доллары тұрады. Тұрындар бала тәрбиесі де отбасылық бюджетке оңай соқпайтынын айтады. Мәселен бір баланы жан-жақты дамыту үшін қосымша сабақтарға айына шамамен 10 мың юань жұмсалады екен. Бұл теңгеге шаққанда 600 мың шамасында.

Ма Ли, екі баланың анасы:

- Мәселе бала тууда емес, олардың тәрбиесіне кететін қажеттілікпен қамтамасыз ету. Әр ата-ана өз баласына ең жақсысын қалайды ғой. Бұл балалар арасында да, ересектер арасында да бәсекелестікке әкеледі. Сондықтан көбі бала туудан бас тартуы мүмкін.

***

Ресейде бала туу көрсеткіші артқан

Ал, Ресейде, керісінше, пандемия кезіндегі бала туу көрсетіштері былтырмен салыстырғанда артқан. Көрші елдің мемлекеттік статистика қызметінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда биыл қаңтар мен қазан аралығында дүниеге келген сәбилер саны 9 мыңға көп болған екен. Бірақ есеп палатасының сандары көңіл көншітпейді. Оларға сәйкес, биылғы алты айда халықтың табиғи азаю көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда, шамамен 30%-ке артқан. Сарапшылар «оған коронавирустың әсері де болды» дейді. Өйткені денсаулық сақтау саласындағы барлық ресурстар коронавирусты емдеуге бағытталған. Оның зардабын басқа науқастар тартып отырған көрінеді.

***

Соңында бала тууға байланысты бір қызықты мәлметпен бөлісейін. Сингапурде сәби коронавирусқа қарсы антиденелермен дүниеге келген. Анасы жүктілік кезінде коронавируспен ауырған екен. Антиденелер нәрестеге анасынан берілсе керек.

Хабар 24 телеарнасы