419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Венада экспресс-тестілеуге арналған станция ашылды

  • 105
  • UPD: 23:33, 30.11.2020
Венада экспресс-тестілеуге арналған станция ашылды

Австрия астанасы Венада елдегі ең ірі коронавирусқа экспресс-тестілеу станциясы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол күніне 15 мың адамды қабылдауға қауқарлы. Мұнда келген әр азамат тест қорытындысын небәрі 10 минутта біле алады екен. Алайда тексеруден өту үшін тұрғындар интернет арқылы алдын ала өтінім беруі тиіс. Австрия билігі 4 желтоқсаннан бастап халықты жаппай тестілеуден өткізеді. Осы мақсатта тек Венаның өзінде 280 бөлімше ашу көзделген.

Сюзанна Бауман-Зеллнер, Вена халықаралық орталығының өкілі:

-Тестілеуге қажетті ең төменгі температура -15 градус болуы тиіс. Осыдан соң сіз тестті термобоксқа салып, 10 минут күтесіз. Кейін өзіңіздің QR кодыңыз бен әлеуметтік сақтандыру нөміріңізді көрсету үшін соңғы станцияға барасыз. Сөйтіп, сізге қағазға басып шығарылған тест нәтижелері беріледі. Ол тәулік бойы жарамды.

Хабар 24 телеарнасы