429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда вирустың таралуы қарқындауы мүмкін

  • 152
  • UPD: 10:44, 01.12.2020
Испанияда вирустың таралуы қарқындауы мүмкін

Испанияда коронавирустың таралуы жаңа қарқын алуы мүмкін. Жергілікті дәрігерлер осылай дабыл қағып отыр.

Олардың алаңдауы бекер емес. Өйткені Рождество қарсаңында жұрт жаппай дүкен жағалап жүр. Бәрі сыйлық алуға асық. Осы ретте эпидемиологтар індетті жұқтырғандар саны күрт артуы мүмкін екенін ескертіп отыр. Еуропада вирустан қатты зардап шеккен елдің бірі – осы Испания. Инфекцияға шалдығу деректері соңғы күндері 10 мыңнан төмендемей тұр.

Хабар 24 телеарнасы