419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британияда бір тәулікте вирус жұқтыру дерегі азайды

  • 103
  • UPD: 11:19, 01.12.2020
Британияда бір тәулікте вирус жұқтыру дерегі азайды

Ұлыбританияда соңғы тәулікте 12 мың 330 адам коронавирус індетін жұқтырған. Тағы 215 адам осы кеселден көз жұмды.

Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.

Айтуынша, осыдан екі апта бұрын тәулігіне 25 мыңға жуық адам Ковид-19-дертіне шалдығатын. Қатаң шектеу шараларының нәтижесінде аймақтағы  індеттің таралу көрсеткіші әлдеқайда төмендеген.

Айта кетейік, Біріккен Корольдікте қарашаның 5-інен желтоқсанның 2-сіне дейін карантин жарияланған болатын. Локдаун аяқталғаннан кейін Англияның көп бөлігінде жаңа үш деңгейлі шектеу жарияланбақ. 

Мэтт Хэнкок, Ұлыбританияның денсаулық сақтау министрі:

- Әрине халыққа оңай емес. Алайда жалпыұлттық локдаунның оң нәтиже көрсеткенін байқап отырмыз. Бір күнде тіркелген жаңа науқастардың саны әлдеқайда азайды. Бүгінде Ұлыбритания ауруханаларында 15 мың 700 адам ем қабылдап жатыр. Қазір эпидемиологиялық ахуал толық бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы