419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германиядағы қарқынды терапия бөлімдерінде орын жетіспей жатыр

  • 100
  • UPD: 14:57, 01.12.2020
Германиядағы қарқынды терапия бөлімдерінде орын жетіспей жатыр

Германия ауруханаларының қарқынды терапия бөлімдерінде науқастарға орын жетпей жатыр. Пандемия басталғалы бұндай жағдай алғаш рет болып отыр.

Статистика бойынша әр клиникада шамамен 3 бос орын бар, десе де Берлиннің 7 клиникасының жансақтау бөліміне науқастар қабылданбай жатыр. Қазір бүкіл шаһар бойынша қарқынды терапия бөлімдеріндегі 1 мың 260 орынның тек 152-сі ғана бос. Өзге аймақтағы ахуал одан бетер күрделі. Мәселен, жуырда халықтың наразылық акциясы ұйымдастырылған Хильдбургхаузен қаласында жансақтау бөлімдері науқасқа лық толы. Гёрлиц қаласындағы ахуал да мәз емес. Бұл аздай елде маман тапшылығы туындады. Өйткені медицина қызметкерінің бірі вирус жұқтырса, екіншілері карантинде отыруға мәжбүр. Дәрігерлер Германиядағы локдаунды ертерек енгізіліп, шектеу шаралары бұдан да қатал болуы керек еді деген пікірде.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

- Қазір Германияның кей өңірлерінде жағдай тұрақталса, кей аудандарда керісінше вирус белең алуда. Берлин мен тағы 62 ауданда орта есеппен 100 мың адамға шаққанда 200 тұрғында вирус анықталып жатыр. Елдің денсаулық сақтау минисрлігі жағдайды бақылауда ұстау үшін бұл көрсеткішті барынша қысқартуымыз керек. Пандемияны тоқтату үшін әр адам өз үлесін қоса алады.

Хабар 24 телеарнасы