419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда коронавируске қатысты ахуал тұрақтала бастаған

  • 86
  • UPD: 15:55, 01.12.2020
Италияда коронавируске қатысты ахуал тұрақтала бастаған

Еуропада пандемияның бірінші толқынынан ең ауыр зардап тартқан ел Италияда соңғы екі аптада ахуал тұрақтала бастады.

Жалпы індет басталғалы Италияда бір жарым миллионнан аса адам коронавирусты жұқтырып, 55 мыңы одан қайтыс болды. Қазір бүкіл ел аумағы індеттің таралу қарқынына сәйкес түрлі түспен белгіленген үш аймаққа бөлінген.

Сарапшылардың пікірінше, Рождество мейрамы қарсаңында үкімет қызыл аймақта сақтық шараларын күшейтіп, қызғылт пен сары аймақтарда жеңілдетуі мүмкін. Дегенмен Италия тұрғындарына Рождество мейрамын қауіпсіздік шараларын сақтап, қарсы алуға тура келеді. Оған әлеуметтік арақашықтық сақтау мен маска тағу ережелері жатады. Италия үкіметі 4 желтоқсанда мәжілісін өткізіп, алдағы екі аптаға шектеу шаралары жөнінде жаңа шешім қабылдауы тиіс.

Анна, Рим қаласының тұрғыны:

- Биылғы Рождество бұрынғыдай өтпейді. Тек өз отбасымыз, ата-анамыз бен ағайын болып жиналамыз. Үкімет өңірлер арасындағы қатынасқа шектеу қояды деп ойлаймын. Бірақ өзі бір қалада жұмыс істеп, ал туыстары өзге жерде тұратын мен секілді адамдардың қамын да ұмытпайды деген үміттемін.

Джорджио, Рим қаласының тұрғыны:

- Бұл Рождествода не істерімізді білмей тұрмыз. Кейбіреуі бізді қайта оқшауландырады десе, тағы біреулері керісінше бәрін ашады дейді. Үкіметтің жаңа қаулысын күтіп отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы