420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың өндіріс қарқыны соңғы үш жылда ең жоғары көрсеткішке жетті

  • 92
  • UPD: 16:06, 01.12.2020
Қытайдың өндіріс қарқыны соңғы үш жылда ең жоғары көрсеткішке жетті

Қызмет көрсету саласында да кіріс  көбейген.

Сарапшылардың айтуынша, бұл Қытай экономикасының коронавирус зардабынан айыға бастағанын білдіреді.

Жергілікті статистика бюросының мәліметі бойынша елдегі Менеджерлердің сату индексі 52 бағанынан асқан. Өндіріс көлемінің даму көрсеткіші 31 сала бойынша жұмыс істейтін 3 мың компанияның арасындағы сауалнама нәтижесі бойынша бағаланады. Ал қызмет көрсету деңгейі 37 саладағы 4 мың компанияның мәліметтеріне негізделеді. Жалпы Қытай экономикасы жыл аяғына дейін 2 пайыздық өсімге жетеді деп күтілуде. Бұл соңғы 30 жылдағы ең төменгі көрсеткіш болмақ. Алайда індет кезінде басқа елдермен салыстырғанда жоғарылау.

Хабар 24 телеарнасы