Қытайдың Шанхай қаласында негізгі жұқпалы аурулар және биологиялық қауіпсіздік бойынша институт пен зертхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл мекемелерді қала әкімшілігі Фудань университетімен бірлесіп құрған. Институт елдің басты зерттеу орталығы болмақ. Ол клиникалық зерттеулер, мамандарды дайындау және халықаралық деңгейде тәжірибе алмасумен айналысады. Жоспар бойынша зертхана осы саладағы әлемдегі мықты мекемелердің біріне айналуы тиіс. Келесі жылда елде биологиялық қауіпсіздік жөнінде заң күшіне енеді. Бұл құжаттың басты мақсаты – биологиялық төтенше жағдайлар кезінде түрлі мекемелер арасында міндеттерді бөлу.