420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайдың «Чанъэ-5» ғарыш аппараты Айға сәтті қонды

  • 123
  • UPD: 10:45, 02.12.2020
Қытайдың «Чанъэ-5» ғарыш аппараты Айға сәтті қонды фото: iz.ru

Қытайдың «Чанъэ-5» ғарыш аппарты Айға сәтті қонды.

Бұл туралы осы елдің Ұлттық ғарыш басқармасы мәлімдеді. Зонд алдын ала белгіленген ауданға тұрақтаған соң байланысқа шығып, Ай бедерінің қыртысын бұрғылау жұмысына дайын екенін жеткізген.

Еске сала кетейік, «Чанъэ-5» аппараты Айға өткен аптаның басында ұшырылған. Оның негізгі міндеті – Ай бедерінің үлгілерін алып, Жерге оралу. Миссия 23 күнге есептелген.

Хабар 24 телеарнасы