Түркияда соңғы бір тәулікте 30 мыңнан астам адам коронавирусты жұқтырып алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бұл індет басталғалы ең жоғарғы тәуліктік көрсеткіш.
Айта кетейік, Түркияда соңғы апталарда дертті жұқтыру дерегі артқан. Бұған дейін билік елдің кей аймақтарында COVID-19 індеті үшінші шарықтау шегіне жеткенін мәлімдеген еді. Ал кеше вирустың өршуіне байланысты бүкіл ел аумағында коменданттық сағат енгізілді. Жаңа тәртіпке сай кешкі 21:00-ден таңғы 05:00-ке дейін үйден шығуға тыйым салынды. Азық-түлік дүкендері тек қана үйге жеткізу қызметі бойынша жұмыс істейді. Ал ресми дерекке сүйенсек, Түркияда вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 700 мыңға жуықтаған.