Мексика астанасы Мехиконың мемлекеттік ауруханалары коронаиврусқа шалдыққан науқастарға лық толды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Өзге жекеменшік медицина орталықтарында да емделушілердің саны 70%-тен асқан. Айта кетейік, Мексика коронавирустан көз жұмғандардың саны бойынша әлемде 4-орында тұрған ел. Аймақта пандемия басталғалы 106 мың адам қауіпті індеттен көз жұмса, 1 млн-нан астам тұрғын індеттің ілмегіне ілінді. Сарапшылар ауру қаңтар айына дейін ушығуы мүмкін деп топшылайды. Осыған орай кей штатта карантин талаптары қайта қатаңдатыла бастады.