Жапония парламентінің жоғарғы палатасы бүкіл халықты COVID-19-ға қарсы тегін вакцинациялауға қатысты түзетулерді мақұлдады.
Бұл туралы Kyodo агенттігі хабарлады.
«Осы заңнама аясында Жапония үкіметі келесі жылдың ортасына дейін бүкіл халықты вакцинациялауға қажетті доза мөлшерін дайындауға ниетті», - делінген.
Вакцинацияға қатысты барлық шығынды үкімет көтеретіндігі баса айтылды. Вакцинадан жанама әсерлер пайда болған жағдайда да үкімет өтемақысын төлейді.
Жапонияда коронавирустық инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 151,7 мыңнан асты, 2206 адам қайтыс болды.