420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытай зондының Айға сәтті қонуы түсірілген видео жарияланды

  • 155
  • UPD: 10:52, 02.12.2020
Қытай зондының Айға сәтті қонуы түсірілген видео жарияланды

Қытайлық «Чанъэ-5» зондының қонуы түсірілген видео жарияланды.

Бұған дейін Қытайдың орталық теледидары хабарлағандай зонд Жер серігі бетіндегі белгілі бір аймақта сәтті отырды. Зондты іске қосу 24 қарашада өтті. Миссия 23 күнге созылады.

Жалпы салмағы 8,2 тонна «Чанъэ-5» аппараты орбиталық модульден, түсірілетін аппараттан, ұшуға арналған модульден және қайтарылатын модульден тұрады. Ол бұрғылау қондырғысымен және шелек манипуляторымен жабдықталған. Ұшуға арналған аппаратта топырақ үлгілерін сақтауға арналған арнайы контейнер бар. Ұшу аппараты миссия аяқталғаннан кейін орбиталық модульмен түйісуі керек. Содан кейін топырақ контейнері қайтарылған аппаратқа ауысуы керек.

Аппаратты отырғызу 16-17 желтоқсанда Ішкі Моңғолия автономиялық ауданындағы Хошун Сыцзыван ауданында жоспарланған.

Чанъэ-5 зондын бастапқыда 2017 жылдың қараша айының соңында ұшыру жоспарланған болатын, бірақ 2017 жылдың шілдесінде Чанчжэн-5 зымыран тасығышының апатына байланысты миссия 2019 жылдың соңына қалдырылуы керек еді. Одан кейін ол қайтадан шегерілді.

Хабар 24 телеарнасы