420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сингапур әлемде алғаш болып жасанды ет сатуға рұқсат берді

  • 107
  • UPD: 11:50, 02.12.2020
Сингапур әлемде алғаш болып жасанды ет сатуға рұқсат берді

Әлем бойынша алғаш рет Сингапур билігі зертханада өндірілген тауық етін сатуға рұқсат берді.

«Келіп түскен ұсыныстарды бағалап, олардың қауіпсіздігін анықтағаннан кейін америкалық Eat Just компаниясына Сингапурде тауық етін сатуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды», - делінген.

Сонымен бірге қызметкерлер тағамның қауіпсіздігін бағалауды жалғастырады.

«Талдаулар жасанды тауық етінің құрамындағы ақуыздың, түрлі аминқышқылдардың, пайдалы майлар мен минералдардың жоғары деңгейлерін көрсетті», - дейді компания.

Хабар 24 телеарнасы