427,15 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда қылмыскердің адамдарды қасақана қаққаны белгілі болды

  • 203
  • UPD: 12:11, 02.12.2020
Германияда қылмыскердің адамдарды қасақана қаққаны белгілі болды

Германияның Трир қаласында көлікпен жаяу жүргіншілерді қағу оқиғасы қасақана ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Прокуратура алдын ала тергеу нәтижесі бойынша осындай қорытындыға келді. Себебі, 51 жастағы жүгізуші көп адамды қағу үшін көлікті әдейі ары -бері бұрып жүрген. Бірақ қаскөйдің мұндай әрекетке неге барғаны әлі белгісіз. Белгілісі, рөлде отырған күдікті мас болған.

Еске сала кетейік, кеше Трир қаласында белгісіз біреу жеңіл көлікпен көшедегі жүргіншілерді қағып, 5 адам көз жұмды. тағы бесеуі жарақат алды. Марқұмдардың арасында бір бала бар. Жарақат алғандардың кейбірінің халі мүшкіл.

Петер Фрицен, Трир қаласының аға прокуроры:

- Әзірге қылмыскердің мұндай әрекетке не үшін барғаны белгісіз. Бірақ бізде оның лаңкестік, саяси немесе діни тұрғыдан әрекет еткенін көрсететіні туралы мәліметтер жоқ. Тек оның жүйке ауруына шалдыққаны белгілі болды.

 

Хабар 24 телеарнасы