419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оманда туристерге виза қайта беріле бастайды

  • 87
  • UPD: 12:13, 02.12.2020
Оманда туристерге виза қайта беріле бастайды REUTERS

Оман сұлтандығы 2020 жылдың наурызынан, яғни коронавирус пандемиясы жарияланғаны бері алғаш рет виза беруді қайта жалғастырмақ.

Елдің Жоғарғы комитеті хабарлағандай, визалар тек туристік операторлар ұйымдастыратын турлардағы саяхатшыларға беріледі.

Оман виза беруді 2020 жылдың наурызында тоқтатқан. Маусымда билік барлық туристік визалардың қолданылу мерзімін 2021 жылға дейін ұзартқан болатын.

Ал биылғы 1 қазаннан бастап Оман бірқатар елмен халықаралық әуе қатынасын жаңартқан.

Хабар 24 телеарнасы