Бразилияда биыл Санта Клаустар коронавирус кесірінен жұмыссыз қалды. Індеттен жергілікті аяз-аталарға сұраныс 70%-ке азайған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Салдарынан биыл балалар ақ сақалды ертегі кейіпкерін әдеттегідей көп кездестірмеуі мүмкін. Айта кетейік, Бразилия қазір вирусты жұқтырғандар бойынша әлемде үшінші орында. Елде қазірге дейін 6 миллионнан аса адам дертке шалдыққан. Соңғы уақытта елде вирустың таралуы қайта күшейген.
Лимахем Шерем, Санта Клаустар мектебінің президенті:
- Қазір бала да, үлкен де, Аяз Атамен сөйлескенде сыйлыққа коронавирустан вакцина сұрайды. Оның шығуын бәрі тағатсыздана күтіп жүр.
Ал Австралияның Голд-Кост қаласында Санта Клаустар шаналарын уақытша судағы мотоциклге ауыстырып, қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. 150-ге жуық Аяз Ата гидроциклге мініп, Неранг өзенімен салтанатты шеру құрды. Жиналған қаржы жетім балаларға сыйлыққа жұмсалмақ.