419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Британия бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцинаны мақұлдады

  • 73
  • UPD: 15:16, 02.12.2020
Британия бірінші болып коронавирусқа қарсы вакцинаны мақұлдады RT

Британия американдық Pfizer және BioNTech компаниялары бірлесіп коронавирусқа қарсы жасаған вакцинаға рұқсат берді.

Reuters-тің хабарлауынша, вакцина Ұлыбритания аумағында келесі аптада қолжетімді болады. Pfizer – BioNTech вакцинасы Дәрілік заттар мен медициналық құрылғыларды бақылау жөніндегі басқармасымен (MHRA) мақұлданған.

Қараша айының соңында коронавирусқа қарсы аталған вакцинаның құны шамамен 15,5 еуро болады деп хабарланған. Еуропа комиссиясының басшысы Урсула фон дер Ляйеннің айтуынша, сатып алынады деп жоспарланған 300 млн дозаның бағасы 4,6 млн еуроны құрайды екен.

Хабар 24 телеарнасы