430,69 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жаңа Зеландияда климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

  • 189
  • UPD: 14:53, 02.12.2020
Жаңа Зеландияда климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды

Жаңа Зеландияда климаттың өзгеруіне байланысты төтенше жағдай жарияланды, деп жазды Guardian газеті.

Ел парламенті қолдаған бұл бастамада «құбылмалы және қауіпті ауа райының – су тасқыны, теңіз деңгейінің көтерілуі және дала өрттерінің Жаңа Зеландия мен Жаңа Зеландия тұрғындарының әл-ауқатына, өнеркәсіптің негізгі салаларына, су ресурстарына қолжетімділігі мен халықтың денсаулығына тигізетін зардаптары» туралы айтылған.

Осылайша, Жаңа Зеландия климаттық дағдарыстың бар екендігін ресми түрде мойындап, төтенше жағдай жариялаған 32 мемлекеттің қатарына қосылды.

Хабар 24 телеарнасы