Бразилияның Камет және Криусума қалаларында қарулы қарақшылар адамдарды кепілге алып, банктерді тонап кетті.
Оқиға салдарынан бір адам қаза тапты, деп хабарлады ВВС.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары бұл екі қылмыстың өзара байланысы жоқ деп отыр.
Криусумадағы шабуыл түн ортасында басталып, бір сағатқа созылған. Шабуыл қала орталығындағы Banco do Brazil филиалына жасалған. Қарулы адамдар жолдарды жауып, адамдарды кепілге алып, жарылғыш заттарды қолданған және бірнеше оқ атқан. Күзетші мен әскери полиция қызметкері жарақат алды.
Қарақшылардың қанша ақша жымқырғаны белгісіз.