420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда жол апатынан сегіз адам қаза тапты

  • 85
  • UPD: 16:41, 02.12.2020
Үндістанда жол апатынан сегіз адам қаза тапты

Үндістанның солтүстігіндегі Уттар-Прадеш штатында ірі жол апаты болды.

Оқиға салдарынан кем дегенде сегіз адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды.

Жергілікті уақыт бойынша 03:30 шамасында құм тасып бара жатқан жүк көлігінің жүргізушісі дөңгелектің жарылуына байланысты тізгінге ие бола алмай, спорттық көлікпен соқтығысқан.

Апат салдарынан жол талғамайтын көліктегі сегіз адам оқиға орнында қаза тапты. Мәліметтерге сәйкес олардың барлығы бір ауылдың тұрғындары. Қайғылы оқиға олар үйлену тойынан кейін үйлеріне бара жатқанда болған.

Хабар 24 телеарнасы