419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дрон бағатын сиырларда стресс болмайды – Бақташы

  • 167
  • UPD: 20:41, 02.12.2020

Израильде сиырды дронмен баға бастады. Жаңа жобаны Голан шыңдарының етегін жайлаған малшылар қолға алды.

Ұшу құралдары алыстан басқарылады және олар арқылы бәрін көріп отыруға болады. Бұл құрылғыларды Израильдің солтүстігіндегі Рош-Пина қаласында орналасқан компания жасайды. Оларға Біріккен Араб Әмірліктерінен де ұсыныс түскен. Қазір компания дрондардың сиырлар ғана емес, түйелерді де бағуға қаншалықты тиімді болатынын сынап жатыр. Ал жергілікті кәсіпкерлер озық технологияның мал бағу ісін жеңілдетіп жатқанын айтады. Дрондар жұмыс күшін 50 процентке дейін қысқартуға мүмкіндік берген.

Ноам Азран, дрон жасайтын компания басшысы:

- Біз мұны «үш саусақпен мал бағу» деп атаймыз. Бұрынғыдай бақташылар мен үріп, мал қайыратын иттердің енді қажеті жоқ. Адамдардың айқайы мен иттердің арсылдағаны сиырларды стресс жағдайында ұстайтын. Қазір аша тұяқтылар ондай айғай-сүреңнен құтылды. Бүгінде жастардың даланы тастап, қалаға кетіп жатқаны жасырын емес. Осы технология арқылы олар мал бағу ісіне қайта оралуы әбден мүмкін деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы