Колумбияда Амазонканың тропикалық ормандарында 12 500 жыл бұрын тасқа салынған ондаған мың сурет табылды, деп хабарлады The Guardian.
Жартастағы суреттерде мастодон, палеолама, алып жылқылар сияқты жойылып кеткен мұз дәуіріндегі жануарлардың бейнелері салынған. Сондай-ақ тастарға балықтар, тасбақалар, кесірткелер, құстар, билейтін адамдар бейнеленген.
Ұлыбритания мен Колумбия ғалымдары өткен жылы Серраниа-де-ла-Линдосада сызбаларды тапқан.