Шри-Ланканың шығыс жағалауына Буреви дауылы жақындап келеді.
Синоптиктердің айтуынша, қазір оның жылдамдығы сағатына 90 шақырымға жеткен. Осыған байланысты елде сақтық шаралары күшейтіліп, 75 мыңдай адам қауіпсіз аумаққа көшірілді. Бұдан бөлек мектептер де уақытша жабылмақ. Өйткені тропикалық циклон салдарынан аймақта су тасқыны жүруі мүмкін.