420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Украиналық студент жапырақтан қағаз жасауды ойлап тапты

  • 120
Украиналық студент жапырақтан қағаз жасауды ойлап тапты

Украинада 19 жастағы студент жапырақтан қағаз жасау технологиясын ойлап тапты.

Житомир қаласында тұратын Валентин Фречка бұл істі 3 жыл бұрын қолға алған. Ол жапырақтарды жинап, олардың талшығынан қағаз сөмкелер жасайды. Қазан айында өнертапқыш бір жарым тонна қағаздың алғашқы партиясын шығарып, мамандар назарына ұсынды. Енді студент осы идеясын коммерциялық жобаға айналдыруды жоспарлап отыр. Биыл «Форбс» журналы Валентин Фречканы Украинаның 30 жасқа дейінгі ең табысты адамдар тізіміне қосыпты.

Валентин Фречка, жоба авторы:

- Идеямыз өте қарапайым. Жапырақтың кез келген түрін қолдана аламыз. Бұл жақсы шикізат. Сапасы да өте жоғары болады. Жапырақтарды қоқыс ретінде жинайды, себебі олар шіру барысында көп көміртегін бөледі.

Хабар 24 телеарнасы