Египеттің Александрия қаласында үшқабатты тұрғын үй опырылып түсіп, 6 адам опат болды.
Олардың үшеуі – әйел. Өзге жапа шеккендер туралы ақпарат жоқ. Алдын ала мәліметке қарағанда қайғылы оқиға кезінде ғимаратта 9 адамнан тұратын 2 отбасы өмір сүріп жатқан. Әзірге үйдің құлауына не себеп екені белгісіз. Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, тұрғын үй 1940 жылы салынған ескі ғимарат болған. Қазір оқиға орны қоршалып, тергеу жүріп жатыр.