429,68 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Испанияда мереке күндері жаңа шектеу шаралары енгізілді

  • 262
  • UPD: 09:11, 03.12.2020
Испанияда мереке күндері жаңа шектеу шаралары енгізілді

Испанияда алдағы Рождество мен Жаңа жыл мерекесін атап өту үшін бір отбасында 10 адамнан артық жиналуға болмайды.

Жаңа шектеу шараларын билік өкілдері мақұлдап үлгерді. Енгізілген карантиндік ережеге аймақтағы эпидемиологиялық ахуал себеп болып отыр. Сонымен қатар желтоқсанның 23-інен бастап қаңтардың 6-сына дейін тұрғындардың қалааралық қозғалысына да шектеу қойылды. Қазір Испанияның көптеген өңірінде қазан айында жарияланған коменданттық сағат әлі де өз күшінде. 

Сальвадор Илья, Испанияның денсаулық сақтау министрі:

– Бір сөзбен айтқанда, мерекені әр адам өз үйінде қарсы алады.  Рождествода вирустың таралуына жол берілмеу керек. Қонаққа барып, саяхаттауға рұқсат жоқ. Ереже халықтың саулығы үшін қабылданып отыр.

Хабар 24 телеарнасы