420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Германияда екпе жасайтын 400 орталық ашылады

  • 104
  • UPD: 09:11, 03.12.2020
Германияда екпе жасайтын 400 орталық ашылады

Германия үкіметі коронавирус індетін вакцинаның көмегімен еңсеруге үміт артып отыр.

Денсаулық сақтау министрінің мәлімдеуінше, дертке қарсы екпе егу жыл аяғына дейін басталуы мүмкін. Жалпы бүкіл ел аумағында екпе жасайтын 400 орталық құру көзделіп отыр. Билік өкілдері вакцина тегін болатынын жариялады. Оны сатып алуға, жеткізуге және орталықтарды жабдықтауға барлық шығынды мемлекет өзіне алатын болды. Егер күн сайын 100 мың екпе жасалатын болса, 15 миллион адамға вакцина егу үшін 5 айдай уақыт кетеді. Алайда бұл үшін мамандар жетіспейтіндіктен, зейнетке шыққан медициналық қызметкерлердің еңбегін де пайдалану жоспарда бар. Сарапшылардың пікірінше, Германияда індеттің таралуына тосқауыл қою үшін халықтың 70 процентіне вакцина егілуі тиіс. Алайда екпе жасауға ешкімді мәжбүрлемейді. Сауалнама нәтижелері көрсеткендей немістердің 53 процентінің өзіне вакцина еккісі келіп отыр.

Достман Берлин, қаласының тұрғыны:

– Вакцина адамға қауіпсіз болуы керек әрі вирус оған бейімделмесе ғана тиімді болады. Сондықтан әзірше өзіме екпе жасамаймын. Алайда мұны заңмен міндеттесе, әрине, амал жоқ. Өйткені мен заңға бағынатын азаматпын.

Хабар 24 телеарнасы