420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда вакцина тегін әрі ерікті болады

  • 119
  • UPD: 09:12, 03.12.2020
Италияда вакцина тегін әрі ерікті болады

Ал Италия коронавирусқа қарсы егу шарасын 2021 жылдың қаңтарында бастайды.

Вакцина тегін әрі ерікті болады, яғни алғысы келген адам ғана салдырады. Бұл туралы осы елдің денсаулық сақтау министрі Роберто Сперанца мәлімдеді. Оның айтуынша, Италия билігі 202 млн доза сатып алуды жоспарлап отыр. Бұл 60 млн-нан астам адам тұратын елге артығымен жетуі тиіс. Сондай-ақ министр Рождество мен Жаңа жылды атап өту кезінде жүріс-тұрысты шектейтін жаңа ережелер әзірленіп жатқанын ескертті. Естеріңізге сала кетейік, Италияда коронавирус жұқтырғандар саны 1 млн 600 мың адамнан асады. Ал көз жұмғандар қатары 56 мыңға жеткен.

Роберто Сперанца, Италияның денсаулық сақтау министрі:

– Біз вакцинаны қабылдауда басымдық берілетін топтарды айқындадық. Бірінші кезекте денсаулық сақтау саласының қызметкерлері тұр. Сосын қарттар үйлерінің тұрғындары мен қызметкерлері. Осы мекемелер коронавирустан қатты зардап шекті. Аурулары да асқынып тұр. Үшіншіден, еліміздің жасы егде азаматтары.

Хабар 24 телеарнасы