420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Польшада COVID-19 дертіне шалдыққандардың саны 1 млн-нан асты

  • 160
  • UPD: 10:16, 03.12.2020
Польшада COVID-19 дертіне шалдыққандардың саны 1 млн-нан асты

Польшада коронавирустың таралуы қарқын алып барады.

Елде індетке  шалдыққандардың жалпы саны 1 млн-нан асты. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, соңғы тәулікте инфекция 14 мыңға жуық адамнан анықталған.

Жергілікті билік тұрғындарды алдағы мереке күндерінде саяхаттамауға шақырады. Айта кетейік, Польша үкіметі жақын арада коронавирус дертіне қарсы 45 млн доза вакцина сатып алуды жоспарлап отыр.  Халыққа екпе егу бағдарламасы алдағы жылдың ақпан айында басталуы мүмкін. Бұл туралы премьер-министр Матеуш Моравецкий хабарлады. Саясаткер екпе еріктілерге тегін салынады деген үмітте.

Хабар 24 телеарнасы