419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

АҚШ-та Boeing 737 MAX ұшағы жолаушылармен сапар шекті

  • 103
  • UPD: 10:32, 03.12.2020
АҚШ-та Boeing 737 MAX ұшағы жолаушылармен сапар шекті

АҚШ-та 20 айға созылған үзілістен кейін Boeing 737 MAX ұшағы жолаушылармен көкке көтерілді.

Бірақ әуе кемесімен компания өкілдері мен журналистер ғана сапар шекті. Далластан Талса қаласына дейінгі рейс 45 минутқа созылды. Шара екі ірі апаттан кейінгі әуе кемесінің қауіпсіздігіне сенімділікті арттырып, коммерциялық рейстерді жүзеге асыруға әзірлігін көрсету үшін қолға алынған. Ұшақты алғаш болып American Airlines компаниясы қолдануды көздеп отыр. Алғашқы рейс желтоқсанның 29-ына жоспарланған.

Еске сала кетейік, әлем елдері Boeing 737 MAX ұшағын 2018 жылғы Индонезия мен 2019 жылғы Эфиопиядағы апаттан кейін қолдануды тоқтатқан. Екі апаттан бірде-бір жолаушы тірі қалмады. Тергеу барысында екі апаттың да ұшақты басқару жүйесіндегі ақаудан болғаны анықталған еді.

Хабар 24 телеарнасы