419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

2024 жылы ауа температурасы тағы 1,5 градусқа көтеріледі

  • 220
  • UPD: 10:31, 03.12.2020
2024 жылы ауа температурасы тағы 1,5 градусқа көтеріледі

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның мәліметіне сай 2020 жыл тарихтағы ең ыстық жылдың бірі болды.

Бұған климатологтардың жүргізген зерттеуі дәлел. Оған сәйкес жер бетінде орташа температура жыл өткен сайын жоғарылап барады. Осылайша 2011 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезең ең ыстық онжылдық болып саналған. Сонымен қатар мамандар жыл сайын жаңа рекорд тіркелетінін болжайды. Температураның рекордтық көрсеткіші әсіресе Сібір, Австралия, Кариб бассейні мен Таяу Шығыста тіркелген. Мамандар бұл жаһандық жылынудың бір көрінісі екенін айтып, 2024 жылы ауа температурасы тағы 1,5 градусқа көтеріледі деп топшылап отыр. 

Хабар 24 телеарнасы