420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: Барак Обама көпшілік алдында екпе жасатуға дайын

  • 102
  • UPD: 09:57, 03.12.2020
COVID-19: Барак Обама көпшілік алдында екпе жасатуға дайын РИА Новости

АҚШ президенті Барак Обама көпшілік алдында коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға дайын екенін айтты.

Осылайша ол бұқараның вакцинациялауға қатысты күмәнін сейілтпек.

«Мен бұл процесті телевидение арқылы көрсетіп немесе камераға түсіріп, сол арқылы ғылымға сенетінімді көрсеткім келеді», – деді Обама SiriusXM радиосына берген сұхбатында.

Экс-президент американдық ғалымдарға толық сенетінін алға тартты.

АҚШ-та желтоқсанның ортасында 170 мың адамға екпе егіледі.

Хабар 24 телеарнасы