414,77 504.70 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италияда үйлер бір еуроға сатылып жатыр

  • 276
  • UPD: 11:28, 03.12.2020
Италияда үйлер бір еуроға сатылып жатыр

Италияда Молизе облысындағы Кастропиньяно ауылында үйлер 1 еуроға жаппай сатылып жатыр.

Барлығы 150-ге жуық қараусыз қалған ғимарат бар. Бірақ оның біреуіне иелік ету үшін ауыл әкімімен сұхбаттасу қажет, деп жазды CNN travel.

Ауыл халқының саны 900 адам ғана екеніне қарамастан (оның 60 проценті 70 жастан асқан адамдар), әкімдікке көптеген өтініштер келіп түскен. Ал 100 жыл бұрын мұнда 2,5 мың адам тұрған көрінеді.

Ал инфрақұрылым жағынан Кастропиньянода тек мейрамхана, бар, дәріхана және бірнеше қонақ үй бар.

Сатып алушылар жылжымайтын мүлікті сатып алған күннен бастап оны үш жыл ішінде жөндеп, екі мың еуро көлемінде кепілдік жарна төлеуі керек. Ол барлық жұмыс аяқталғаннан кейін қайтарылады. Егер үй иесі белгіленген мерзімде үлгермесе, онда ақша муниципалитеттің бюджетіне түседі.

Болжам бойынша мұндай қараусыз қалған ғимараттарды күрделі жөндеуден өткізу құны шамамен 30-40 мың еуродан басталады.

Хабар 24 телеарнасы