Мәскеуде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан ауруханадан өрт шықты.
РФ ТЖМ өкілдерінің хабарлауынша, қызыл жалын шарпыған аумақ 100 шаршы метрді құраған. Өрт салдарынан екі адам көз жұмып, 30-ға жуық адам эвакуацияланған, деп хабарлайды ТАСС.
Негізінен құрылыс заттары мен тұрмыстық техника өртенген.
«Жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан 27 адам қауіпсіз жерге көшірілді», – делінген мәліметте.