424,92 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Сербияда кәсіпкерлер ереуілге шықты

  • 216
  • UPD: 12:26, 03.12.2020
Сербияда кәсіпкерлер ереуілге шықты

Ал Сербия астанасында кәсіпкерлер ұйымдастырған ереуіл өтті.

Карантин кезінде табысынан қағылғандар үкіметтен қолдау көрсетуді талап етеді. 

Қаржы министрлігінің алдында жиналған жұрт биліктің алдағы уақытта енгізетін жаңа шектеу шараларына наразылығын білдіріп, Үкіметтен қаржылай көмек сұрауда. Болжам бойынша мереке қарсаңында аймақтағы мейрамханалар, сән салондары мен спорттық мекемелер қайта жабылмақ. Биліктің бұл шешіміне кәсіпкерлердің көңілі толмай отыр. Айтуынша, елдегі шағын кәсіпорындар онсыз да банкрот алдында тұр.

– Дөңгелетіп отырған кәсібімізді сақтап қалу үшін келдік. Әбден тығырыққа тірелдік. Банкротқа ұшырамау үшін қолдан келгенше тырысып жатырмыз. Ал мына шектеу шаралары жығылғанға жұдырық болды.

– Жақын арада көптеген кәсіпорын қайта жабылмақ. Шығын деген шаш-етектен. Келіп түскен шоттардың барлығын төлеуіміз керек. Әрбір кәсіпкердің жұмыс орнын сақтап қалғымыз келеді.

Айта кетейік, қазір Сербиядағы эпидемиологиялық ахуал көңіл көншітпейді. Өткен тәулікте коронавирус диагнозы 7 мыңнан астам тұрғынға қойылған. Тағы 52 адам осы індеттен көз жұмды. Аймақтағы ауруханаларда орын тапшылығы байқалады. Сонымен қатар қауіпті індетке 2,5 мыңнан астам медицина қызметкері шалдыққан.

Хабар 24 телеарнасы