Әлемнің барлық елінде жалақы төмендеген
- 119
- UPD: 11:07, 03.12.2020

Коронавирус пандемиясына байланысты әлемнің барлық елдерінде жалақы кемінде 6 процентке төмендеген.
Бұл туралы Халықаралық еңбек ұйымының баяндамасында айтылған.
«Дағдарыс әсіресе әйелдер мен жалақысы төмен қызметкерлердің табысына кері әсер етті. Теңсіздіктің өсуі әлемнің барлық елінде кедейлікке алып келуі мүмкін», – делінген халықаралық ұйымның мәліметінде.
Сарапшылардың айтуынша, мемлекеттік субсидиялаусыз жалақы орта есеппен 6,5 процентке төмендеген. Ал көмек берілген елдерде осы соманың 40 проценті өтелген, деп хабарлайды «Лента.ру».