419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ДДСҰ: Індетке қарсы вакцинаға тапшылық туындауы мүмкін

  • 184
ДДСҰ: Індетке қарсы вакцинаға тапшылық туындауы мүмкін

Әлемде алдағы айларда коронавирусқа қарсы вакцина дефициті пайда болуы мүмкін.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Төтенше жағдайлар жөніндегі директоры Майк Райан мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы жарты жылда әлемде коронавирусқа қарсы вакцина қажетті мөлшерде шығарылмай, індеттің таралуын тоқтатуға кедергі келтіруі мүмкін.

Сондықтан адамдардан сақтық шараларын жалғастыруға шақырды. Сарапшылардың пікірінше, алда коронавирустың тағы бір толқыны болуы ықтимал. Еске сала кетейік, әлемде вирусты жұқтырғандар саны 64 милионнан асты. Дерттен 1,5 миллионға жуық науқас қайтыс болды.

Хабар 24 телеарнасы