Әлемде COVID-19 инфекциясының жаңа жағдайларының саны қараша айында 17,3 миллион болды.
Бұл қазан айындағыдан 5,6 миллион артық, деп хабарлады ТАСС.
Қазан айымен салыстырғанда өлім саны 1,7 есе өсті – қараша айында шамамен 280 мың өлім жағдайы тіркелді. Аурудан сауыққандар саны да едәуір өсті – 8,6 миллион, бұл қазан айымен салыстырғанда 3,5 миллионға көп.
Қазан айында ауру ерекше тез таралған Еуропа елдерінде Германия, Италия мен Польшаны қоспағанда жағдай тұрақталды. Алайда, ауруды жұқтыру деңгейі АҚШ-та тағы да жоғарылауда.