426,50 518.00 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

А.Меркель: Карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылуы мүмкін

  • 174
А.Меркель: Карантиндік шектеулер мерзімі ұзартылуы мүмкін

Германия канцлері Ангела Меркель елдегі карантиндік шектеу шаралары қаңтардың 10-ына дейін жалғасуы мүмкін екенін айтты.

Қазір жоспар аудан басшыларымен мақұлданып жатыр. Осылайша билік өкілдері аптасына тіркелетін науқастардың санын қысқартуды көздейді. Бавария премьер-министрінің пікірінше, аймақтағы ахуал жақсарудың орнына керісінше ушығып барады. Індеттен көз жұмғандар қатары күннен-күнге артып барады. Роберт Кох институтының соңғы мәліметінше, Германияда соңғы тәулікте 17 200-ден астам адам індеттің ілмегіне іліккен. Айта кетейік, қараша айының бас кезінен бері елде барлық мейрамханалар, барлардың жұмысына шектеу қойылды. Театр, кинотеатр, спорт залдар мен сән салондары да жабық тұр. Тек мектептер мен балабақшалар, сауда орындары әзірге жұмысын жалғастыруда.

Ангела Меркель, Германия канцлері:

– Қараша айында аймақтағы эпидемиологиялық ахуал оңалмаса, енгізілген шектеу шараларының мерзімі қайта ұзартылады деп ашық айтқан болатынбыз. Қазір аймақта вирус ушығып тұр. Өлім-жітім көрсеткіші де жоғары. Елде жеті күн бойы 100 мың адамға шаққандағы науқастар саны 50-ден аспаған жағдайда ғана шектеу шаралары жеңілдейтін болады.

Хабар 24 телеарнасы