419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Перуде 6 млн жалған доллар тәркіленді

  • 95
  • UPD: 15:40, 03.12.2020
Перуде 6 млн жалған доллар тәркіленді

Перу полициясы жалған ақшаның ірі партиясын тәркіледі.

Алаяқтар шамамен 6 млн жалған АҚШ долларын айнытпай жасаған. Әзірге бір күдікті қамауға алынды. Қалғаны бас сауғалап үлгерген. Күдікті жергілікті «Мамандар» деп аталатын қылмыстық топтың мүшесі болып шықты. Енді ол 15 жылға сотталуы мүмкін. Алаяқтар өтірік ақшаны көршілес Эквадор мен Боливияға жіберуге дайындалып жатқан. Бірақ полиция арнайы операцияны дер кезінде жүргізіп, қылмыстық топтың ізін кесті.

Айта кетейік, Перу АҚШ долларын қолдан жасау бойынша әлемде алдыңғы орында деп саналады. Тіпті АҚШ-тың барлау қызметі ел астанасы Лимада арнайы өкілдігін ашқан.  

Хабар 24 телеарнасы