423,04 511.30 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Италия мен Испанияда мереке күндері ел ішінде саяхаттауға тыйым салынды

  • 176
  • UPD: 17:39, 03.12.2020
Италия мен Испанияда мереке күндері ел ішінде саяхаттауға тыйым салынды

Италия үкіметі 21 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығында аймақтар арасында саяхаттап жүруге тыйым салды.

Бұл туралы Corriere Della Sera хабарлады.

«2020 жылдың 21 желтоқсанынан 2021 жылдың 6 қаңтарына дейін ұлттық аумақ шеңберінде әртүрлі облыстар немесе автономиялық провинциялар арасындағы кез келген қозғалысқа тыйым салынады. Сонымен қатар 25 және 26 желтоқсанда және 2021 жылдың 1 қаңтарында муниципалитеттер арасындағы кез келген қозғалысқа тыйым салынады», - делінген жарлықта.

Өз кезегінде Испанияда адамдарға қысқы демалыста облыстар арасында жүруге, сондай-ақ оннан астам адамның жиналуына тыйым салынды.

Хабар 24 телеарнасы