419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

БҰҰ: Йеменде екі миллион бала ашқұрсақ жүр

  • 102
  • UPD: 18:25, 03.12.2020
БҰҰ: Йеменде екі миллион бала ашқұрсақ жүр

Йеменде 2 млн бала тойып тамақ ішпейді.

Біріккен ұлттар ұйымы бұл елде ең сұмдық аштық болуы мүмкін деп дабыл қағуда. «Жығылғанға жұдырық» демекші, 5 жылдан бері тоқтамай отырған соғыс пен экономикалық дағдарысқа коронавируспен бірге келген қиындықтар қосылды. Жүріс-тұрыс шектеліп, шетелден жіберілетін көмектің жолы кесілді. Тағы бір үлкен мәселе, йемендіктерге төніп тұрған аштық қаупі ресми түрде мойындалмай келеді. Соңғы мәлімет бойынша жергілікті халықтың 80%-і сыртқы көмекке мұқтаж. Халықаралық қауымдастық осындай көлемдегі мұқтаждықты дүниежүзіндегі ең үлкен гуманитарлық дағдарыс деп бағалайды.

Естеріңізге сала кетейік, Йемендегі соғыс өрті 2015 жылы тұтанған. Негізгі қақтығыс Иранмен сыбайлас оппозициялық «Хути» қозғалысы мен Сауд Арабиясы бастаған әскери одақтың арасында жүрді. Осы соғыс жүз мыңнан астам адамның өмірін жалмап, біразын босқынға айналдырды.

Әли Яхия, дәрігер:

Йеменде балалардың, тіпті ересек адамдардың халі өте мүшкіл. Азық-түлік қауіпсіздігі аса аянышты жағдайда. Әсіресе, коронавирус індетінен кейінгі ахуал қатты ушығып кетті.

 

Хабар 24 телеарнасы