419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аляскада лай көшкіні жүріп, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті

  • 137
  • UPD: 18:33, 03.12.2020
Аляскада лай көшкіні жүріп, алты адам із-түзсіз жоғалып кетті

Аляскада толас таппаған жауыннан лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Салдарынан ағаштар құлап, бірнеше үйге зақым келген. Тағы 6 кісі із-түзсіз жоғалып кетіпті. Қазір аймақта құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Оған АҚШ-тың жағалауы қызметі мен Ұлттық гвардия тартылған. Сондай-ақ аймақты тазарту үшін полицейлер де жұмылдырылған. Балшық пен қоқыс аралас лай екі футбол алаңымен бірдей аумақты басып қалған. Кей жерде оның қалыңдығы 2,5 метрден асады екен.

Хабар 24 телеарнасы