420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда коронавирусқа қарсы егу науқаны 11 желтоқсанда басталады

  • 129
  • UPD: 22:15, 03.12.2020
Түркияда коронавирусқа қарсы егу науқаны 11 желтоқсанда басталады

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрі Фахреттин Қожа мәлімдеді. Оның айтуынша, вакцинация 4 кезең бойынша жүргізіледі.

Алғашқыда екпені медицина қызметкерлері, 65 жастан асқан азаматтар, мүгедектер, қарттар және жетімдерге салынады. Екінші кезекте халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін қызметкерлер мен 50 жастан үлкен кем дегенде бір созылмалы ауруы бар азаматтар, одан кейін 50 жасқа дейінгі азаматтар созылмалы аурумен ауыратындар және алғашқы екі топтағы тұрғындар қамтылған. Соңғы кезекте қалған тұрғындар бар.

Айта кеткен жөн, Түркия екпе үшін Қытайдан 50 миллион доза CoronaVac және 25 миллион BioNTech пен Pfizer екпесін сатып алмақ.

Фахреттин Қожа, Түркия денсаулық сақтау министрі:

- 50 миллион Қытайдың CoronaVac вакцинасын сатып алу үшін келісім жасадық. Желтоқсанда 20 миллион, қаңтарда 20 миллион және ақпанда 10 миллион салуды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ сәуір айына дейін Pfizer екпесін алмақпыз. Себебі, сәуірде жергілікті вакцинамыз дайын болмақ.

Хабар 24 телеарнасы