419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Үндістанда фермерлердің ереуілдері өтіп жатыр

  • 108
  • UPD: 10:32, 04.12.2020

Үндістанда фермерлердің наразылық шаралары өтіп жатыр. Олар ауыл шаруашылығы саласындағы реформаға қарсы салаға қатысты қабылданған заңның күшін жоюды талап еткен шаруалар өз райынан қайтпайтынын мәлімдеді. Ал полиция наразы халықты басу үшін су атқыштар мен газ қолданып жатыр.

Фермерлер жаңа қабылданған заңдар алыпсатарларға пайда әкелетініне сенімді. Осыған дейін үкімет алдын ала белгіленген бағалармен бидайды сатып алатын. Осының арқасында шаруалардың тұрақты табысы болып, өнімін қайда өткізетініне уайымдамайтын. 

Дхиан Клаудиус, сауда және өнеркәсіп басқармасының заңгері:

- Жаңа заңа фермерлерге еркін сауда жасау мүмкіндігін береді. Сондай-ақ, шаруалар өз өнімдерін Интернетте сата алады. Жақында әр фермер өз тауарларын ұсынып, өз бағаларын белгілей алатын платформа іске қосылады. 

Билік өкілдері шерушілерді келіссөздерге шақырып, жаңа заңдарды талқылау үшін бірлескен комитет құруды ұсынды. Алайда фермерлер бұған үзілді-кесілді қарсы, бұл заңдардың күшін жойғанша дейін бойкөтеруін жалғастырмақ. Әйтпесе Нью-Дели қаласын қоршауға алып, Үндістан астанасына азық-түлік өткізбейтінін ескертті. Фермерлер жолдарды тастар мен дөңгелектермен бөгеп, полициядан тракторлар мен комбайндермен қорғануға ниетті.

Рахул Кармакар, фермер:

- Қазір бізді алдап, тыныштандырғысы келіп отыр. Бір ғана талабымыз бар - аграрлық реформаға қатысты заңдардың күшін жою. Бізге қарсы полицияның жаңа бөлімдерін немесе әскерді шығарса да шегінбейміз. Шарттарымызды орындамаса, ел астанасын қоршауға алып, бір де бір көлікті өткізбейміз. Азық-түлігіміз бірнеше айға жетеді, сондықтан ұзақ тұруға шамамыз бар. 

Шеруге 6 штаттың жүздеген мың фермері қатысып отыр. Билік өкілдері осыншама көп халықтың Нью-Дели полициясына күші жететінін мойындап, шаруаларға сауда жеңілдіктерін ұсынды. Қос тарап арасында келесі кездесу желтоқсанның бесіне белгіленді.

Авторлар: Алексей Родионов, Устад Рахман

Хабар 24 телеарнасы